|
Махаббат және оның дәстүрлері туралы |
|
|
| |
|
| ||||
|
| ||||
|
Ей, перзентім, адамның табиғи сұлулығы (сыпайы, биязы мінезі) болмаса, ғашық бола алмайды. Өйткені махаббат дегеннің өзі табиғи сұлулыққа байланысты екені даусыз. Табиғи сұлулық дегені-міз — оның ұнамдылығы. Әрбір ұнамды мінез-құлық пен келісімді көріктен әдемілік пайда болады. Байқасақ, көп жігіттер ғашықтыққа бейім болады. Ал ауыр мінезді, салқынқанды жалқауларда ондай қасиет жоқтың қасы. Ғашықтық деген денедегі дерт сияқты. Ішкі жан дүниесі сезімтал жандар осындай дертке тап болады. Сен лажы болса ғашық болмауға тырысқын. Өйткені ғашықтық деген, шындығында, өте ауыр жағдай. Әсіресе, кедей-кепшік, қолы қысқа-лар үшін тіпті қиын іс. Оның дерті қанына өтеді. Ал қарт кісі болса, алтынсыз мұратына жете алмайды. Егерде сенің басыңа ойда-жоқ жерден ғашықтық түссе, оған таңданба. Бұл ақылды жандардың ісі емес. Ғашықтық деген сүйгеніне қолы жетпей, сағы-ныш сабырсыздығының нәтижесінде пайда болады. Білгенің жақсы, бір жылдық сағынып кездесудің рақаты — бір күндік айрылысу азабына тең. Неліктен ғашықтықтың бейнеті ауыр десең, сүйгенінен айрылу сәті бір азап болса, сағыныш сарсаңына түсіп, ғашы-ғыңның назары мен ажарын аңсап, ынтықтығың асқынуы бір азап. Егер ғашығың періште сияқты болса да, жұрттың жамандаған өсегінен құтыла алмайсың. Сені даттап, ғашығыңды өсек ету — халық-тың сүйегіне сіңген әдеті. Сондықтан сен өзіңді осы азаптардан сақтай білгін. Ғашықтықтан қашық жүр, ғашық болу ақылдылар ісі емес. Ақылды жандар — ғашықтықтан өздерін сақтай білетіндер. Ғашық дегендер әуелі бір сұлудың суретін көреді. Көңілі ұнатқан соң құштарлық пайда болып, оның суретін қайта-қайта көргісі келе береді. Егер сен ғашықтықты көңілдің еркіне берсең, көңілің махаббат билігін қолына алып, ғашығыңды және бір көруге әрекеттенеді. Екі рет көруге әрекет жасайсың. Үшінші рет көріп, тілдесіп, жауабын алғаннан соң өз билігің қолыңнан кетеді. Содан соң өзіңді қанша тежегің келсе де, үдесінен шыға алмайсың. Лажсыздан құмар-лықтың құлы боласың. Бірінші көргеннен-ақ өзіңді ұстай біліп, көңіліңді ақылға билете білсең, жақсы. Басқа бір істермен шұғылдануға көңіліңді бөліп әуре-леніп, оның дидарын көрмейтін жерде тұрсаң, бір апта ғашықтық қасіретін басыңнан өткізіп, шыдасаң, ол пәледен өзіңді құтқарасың. Бірақ мұндай ерлік көп адамдардың қолынан келмейді. Мұндай дерттің емін тек ақылды адамдар ғана таба алады. Махаббат әрдайым ұзақ сапарға шығып, қайғы-қасіретпен өмір өткізу сияқты жағдайларды қалайды. Дос таңдай білгін, досыңның қызметі мен әңгімесінен рақаттанатын бол. Ондай адамдардан қол үзбе. Өйт-кені ғашықтық бір басқа да, достық бір басқа. Ғашық-тықта адам көңілсіз болады. Білгенің жөн, достықта кісі кейде көңілсіз, кей сәтте көңілді болады, ал ғашықтық өмірдің дені қайғы-қасіретпен өтеді. Адам жігіт кезінде ғашық болса, айыбы жоқ. Оны кім де болса кешіреді, «жігіттік қой» дейді. Егде тартқан кезде ғашық болу ерсі, ал қарттықта ғашық болу — сорақылық. Оны ешкім де кешірмейді. Қара-пайым халықтан шығып, қарттық шағыңда ғашық болсаң, оның шарасы жеңіл; егер падишалардан болсаң, ар-ұятыңнан айрылмай, ешкімге де көңіл бөлмегейсің, падиша қартайғанда ғашық болса — өте ауыр жағдай.
************************************* Ә ң г і м е. Бабам Шамсал Маолий1 заманынан келе жатқан әңгіме, бір саудагердің бір көрікті қыз-меткер кұлы бар еді. Ол саудагер құлының бағасын екі мың динар деді. Ахмад Жағрий" әмірдің уәзірі еді, оған осы қүлды сатып алғын деп бұйырды. Ахмад Жағрий құлды екі мың динарға сатып алды. Гуріан қаласына әкеліп, әмірге көрсетті. Әмір құлды қабыл-дап, оған сүлгі ұстайтын қызметті тапсырды. Біраз уақыт, күндер өткен соң, әмір колын жуып тұрған кезде құлға көзі түсті. Көркі көңіліне ұнай кетті. Біраз күндер өткен соң, бұл көңілдегі жағдайды уәзірі Абул Аббасқа айтып: «Мына құлға бостандық бердім және қашықтағы пәлен деген қыстақтың иелігін осы-ған бердім. Осы жайлы жарлық жазып, оған әйелдікке бір қыз алып бергін. Сақалы шыққанша үйінде отыр-сын, тысқа шығушы болмасын» депті. Абул Аббас: «Айтқаныңызды жаныммен орындауға дайынмын. Сондағы мақсатыңыздың мәнін түсіндірсеңіз» деді. Әмір: «Мен бүгін сексен жасқа кірген шағымда па-дишаның ғашық болу кеселіне тап болдым. Мені алла тағала өз пенделерінің, яғни халық пен әскердің халі-нен хабар алып, мемлекетті баскару үшін падиша кылған. Егер мен бүгін махаббат мэселесімен болсам, халықтың хал-жайын ойламасам, халықтын, қарызы-нан қалай құтыламын» депті. Дұрыс жігіттің ғашық болуы кешірімді. Дегенмен, жігіт ғашық болған жағ-дайда да өз сырын алдырмай, саясат салтанатын (даналык жолдарын) аяқ асты етпеуі шарт. Ә ң г і м е. Есіткенім бар еді. Газн өлкесінде он ерекше құл бар еді. Осылардың біреуінің аты Нуш-тагин дейтін еді. Сұлтан Масғут оны өзіне бәрінен де дос деп іштартатын. Бірнеше уақыт осылай өте берді. Масғуттың қайсы құлды жақсы көретіні, яғни ғашығы кім екенін ешкім біле алмайды. Өйткені сұл-тан барлық құлдарына да бірдей қарайтын. Сұлтан Нуштагинді жақсы көретінін ешкімге де білдірмей бес жыл өткізді. Бір күні Сұлтан мас кезінде: «Атам Аязға жалақы, жер, ақша, қаражат тиісті еді. Бұлар-ды Нуштагинге беруге жарлық жазыңдар» деп бұй- Шамсал Маолиіі — Кайкаустын бабасы Қаустың есімі. "' АхмаО Жагриіі — Бертельс аудармасында Ахмед Сағдии, түсініктерде Жағдий деп жазылған.
рық берді. Жұрт сонда ғана Сұлтанның мақсаты — Нуштагин екенін біледі. Ей, перзентім, мен саған бәрін де айттым, бірақ басыңа ғашықтық саудасы түссе, менің айтқанымды орындамайсың. Демек, ғашық болсаң, өзіңе лайықты жанға ғашық бол. Ғашығың Птоломей мен Аплатон- дай дана болмаса да, ептеп ақыл-есі болса, жеткілікті. (Менің білетінім, Жақыптың ұлы Жүсіп1 сияқ-
Қабуснама кітабынан | ||||

